Kyzylorda-news.kz. Windows 7 жүйесінің шыққанына 10 жыл толды. Сондықтан 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл жүйе қолданыстан шығады, деп хабарлайды аталған компанияның ресми сайты.

Microsoft компаниясының нақтылауынша, Windows 7 жүйесімен жұмыс істейтін компьютерлер істен шықпайды. Алайда техникалық қолдау және бағдарламалық қамтамасыз ету жаңаруын тоқтатады. Оның үстіне ескірген жүйені қолданушыларға қауіпсіздік жүйесінің жаңаруы мен түзелуі туралы хабар келмейді. Мұның бәрі компьютерді вирус қаптау қатерін төндіреді.

Компания қолданушыларға Windows 10 жүйесіне көшуді ұсынады.

«Жаңа гаджеттердегі бұл жүйенің артықшылықтары аз емес», – дейді компания өкілдері.

Тағы да оқыңыз: