Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жауын-шашын жауады, республиканың солтүстік жартысында көбінесе қар түрінде жаяу бұрқасынмен, оңтүстік жартысында жаңбыр түрінде, оңтүстік, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде найзағай болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.