1993 жылы Қазақстан ядролық қарудан бас тартатын мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу шешімін қабылдады.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Сауд Арабиясы Корольдігінде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

2004 жылы Астанада вокзал алаңына 1922 жылы шығарылған республикадағы ең ескі паровоз қойылды. Астананың теміржол вокзалында «Батыр-паровоз» ескерткішін орнату туралы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2004 жылғы 6 тамызда теміржолдың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыста айтқан болатын. Паровоз Швецияда жасалған. 1922-1982 жылдар аралығында Қазақстанның темір жолдарында және басқа бұрынғы одақтас республикалардың магистраль жолдарында пайдаланылған, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан маңындағы учаскелерге жүк тасымалдаған. 2007 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, халық жазушы Зейнолла Қабдолов (1927-2006) тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

2016 жылы Қызылордада Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді. Оның құрылысы 2014 жылдың шілде айында басталған болатын. Көпірдің ұзындығы – 368 метр. Көпір 9 тіректен жəне 8 аралықтан құралған. Көпірдің жүру бөлігі 14 метр, 4 қозғалыс жолағы бар.

Тағы да оқыңыз: