13 наурыз күнгі ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

13 наурыз күнгі ауа райы болжамы

13.03.2020, 9:00

738 0

Kyzylorda-news.kz. 13 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында қалады. Соған орай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің тек батысында және солтүстік-батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болжанады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, кей уақытта 28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Күндіз Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.