Kyzylorda-news.kz. Бейсенбіде елімізде жаңбыр жауып, тұман түседі, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидрометке.

12 тамызда циклонға байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста нөсер жаууы ықтимал, найзағай жарқылдайды. Республиканың батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы ашық болады. Сондай-ақ еліміздің кей жерлерінде бұршақ жауып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік өңірлерде тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғуы мүмкін, тұман түседі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсуі мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жаңбыр кезінде жел 18-23 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық, Маңғыстау облысының басым бөлігінде ыстық болады, облыстың оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: