Kyzylorda-news.kz. 12 шілдеде еліміздегі бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Сол күні күндіз Петропавлда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Сол күні таңертең және күндіз Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 12 шілдеде күндіз Көкшетауда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. 12 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді. Күндіз 42 градус қатты ыстық күтіледі. Сол күні күндіз Қызылорда қаласында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

12 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 12 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Сол күні күндіз Шымкентте шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 12 шілдеде күндіз Түркістан қаласында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Тағы да оқыңыз: