12 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

12 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

12.01.2020, 8:30

410 0

1955 жылы Қазақстан аумағында, Төретам кентіне жақын жерде әлемдегі тұңғыш және ең ірі ғарыш айлағы – Байқоңыр кентінің құрылысы басталды. 1969 жылы оған қала статусы берілді. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының иелігіне өткен, қазіргі кезде оны Ресей Федерациясы 2050 жылға дейін жалға алды.

1990 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды.

1993 жылы Қазақстандағы экономикалық өзгерістер жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды.

1995 жылы Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі – «Алтын Жұлдыз» тапсырылды.

1998 жылы Қызылорда қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мемлекеттік мекемесі құрылды.

2002 жылы Алматыда қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мұражай үйі ашылды.

0

Пікір қалдыру