Халықаралық Қауіпсіз интернет күні

Жылдың екінші айының екінші аптасының екінші күні аталып өтеді. Мереке 2004 жылы Еуропа комиссиясының «Қауіпсіз интернет» бағдарламасы аясында бекітілді. Оның мақсаты – онлайн технологияларды қауіпсіз әрі сауатты қолдануды насихаттау.

Халықаралық Ғылым және гуманизм күні (Дарвин күні)

Ағылшынның белгілі натуралист ғалымы Чарльз Дарвиннің туған күніне орай жыл сайын тойланады. Ғалымның табиғи сұрыпталу теориясы, эволюциялық теориясы көзі тірісінде-ақ ғылыми төңкеріс жасады деп бағаланды.

1955 жылы Қызылорда облысында Байқоңыр ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылданды. 6717 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Осы ғарыш айлағынан алғашқы жасанды спутник және тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин ұшырылды.

1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

1992 жылы Қазақстан мен Германия мемлекеттері арасында дипломатиялық қатынастарды орнату бойынша нота алмасу шарасы өтті.

1994 жылы Норвегияның Лилехаммер қаласында өткен ХVII қысқы ойындарға тәуелсіз Қазақстан құрамасы алғаш рет қатысты.

Тағы да оқыңыз: