Kyzylorda-news.kz. 14 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: кей жерлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек солтүстігі мен оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл болжанады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл, бұршақ болады. Кей жерлерде желдің күші 15-20, 23-28 м/с артады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, кей жерлерінде желдің екпіні 17-22, 25 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні күндіз 23 м/с артып, шаңды дауыл көтеріледі.

Тағы да оқыңыз: