Kyzylorda-news.kz. 11 қараша, сәрсенбі күні елімізде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Салехард аймағынан келетін циклон әсер етеді. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Тағы да оқыңыз: