11 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

11 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

11.02.2020, 8:30

434 0

1992 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

2002 жылы «Сыр бойы орманы» Қызылорда облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды.

2002 жылы Қызылорда облыстық онкология орталығы құрылды.

2009 жылы «Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымында республикалық бюджет есебінен медициналық техникаларды сатып алуды ұйымдастыратын «СҚ-Фармация» компаниясы құрылды.

2010 жылы Ұлыбритания астанасы – Лондонда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері қауымдастығының бөлімшесі ашылды.


2010 жылы Иордан Хашимит Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы елшілігінде қайта құрылған ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті. Ол қазақстандық «Иордан-қазақстандық достық қоғамы» дипломатиялық миссиясының қолдауымен құрылды.


2011 жылы Қазақстандық БАҚ саласында Үйлестіру кеңесі құрылды. Ол БАҚ-тың қоғамдық қатынастары мен заңнамасын жетілдірумен, сараптамалық-ұсыныстар мен БАҚ-қа қорытындылар әзірлеумен, ұлттық ақпараттық кеңістіктің жай-күйін зерделеумен айналысатын болды.

2013 жылы Прагадағы Карлов Университетінде Чехияның ірі, ғылыми білім беру мекемесінде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнатудың 20-жылдығына арналған «Қазақстан – Еуразия кіндігі» атты көрме ашылды.


2016 жылы Астана қаласында алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясының тіл мектебі ресми ашылды. Мектепте 2015 жылы «Мемлекеттік қызметшілер», «Ғылыми-педагогикалық қызметкерлер», «Мәдениет қызметкерлері», «БАҚ редакциясының қызметкерлері», «Қазақстандық ЖОО түлектері» квоталық санаттары бойынша 60 алғашқы стипендиаттар оқытыла бастады.

0

Пікір қалдыру