Kyzylorda-news.kz. 10 тамыз күні Алтай өлкесінен келген циклон республиканың солтүстігі мен шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, циклон салдарынан күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Солтүстік-шығыс пен шығыста қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түседі, дауыл тұрады.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел қарқыны – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында секундына 23 метр жылдамдықпен күшті жел тұрады.
Түнде және таңертең Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының күндіз таулы аудандарында күн күркіреп, бұршақ жауады. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай, күндіз Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны – 15-20 м/с. Түркістан облысында шаңды дауыл көтеріледі.
Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында басым бөлігінде қатты ыстық, кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.