Kyzylorda-news.kz. Ведомствоның мәліметінше, антициклон республиканың оңтүстік-батысына және батысына әсер етеді. Сондықтан ол аймақтарда жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның қалған аумақтарында фронттардың ықпалымен жауын-шашын жауады. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста және солтүстікте жел күшейеді, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ жауады, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда – тұман, оңтүстік-батысында және таулы аудандарда – жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, жел қарқыны – 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: