Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек еліміздің оңтүстігі және батысында күн күркіреп, жауын-шашын түседі. Оңтүстік-шығыста және батыста бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, батыста және солтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыста түнде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл болады, жел екпіні – 15-20 м/с.

Сонымен қатар өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: