Kyzylorda-news.kz. Бүгіннен бастап Сырдария өзенінде балық аулауға тыйым салынды.

Сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамыр аралығы, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуір мен 10 маусым аралығы, Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамыр мен 10 маусым аралығы (Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін) балық аулауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуір мен 31 шілде аралығы артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынады.

Тыныштық аймағын құру мақсатында Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 км, Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салынады.

Тағы да оқыңыз: