Kyzylorda-news.kz. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан мектептеріне «еңбекке баулу» пәні енгізілетінін айтты.
Вице-премьер Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеуде еңбек тәрбиесінің маңызы зор екенін атап өтті.
«Сондықтан жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап «еңбекке баулу» пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы осындай тәжірибеге ие. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап мектептерде жетінші сыныптан кәсіптік бағдар беруші-педагог енгізіледі, ол мамандық таңдауға бағытталады», – деді Тоғжанов.