Kyzylorda-news.kz. 1 миллионнан астам қазақстандықтың несиелік тарихы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Информбюро.

Қарызға батқан халық «қара тізімнен» шығарылды. Енді олар қайта несие рәсімдей алады.

Бірінші несие бюросының мәліметінше, банктен қарыз алып, уақытында төлей алмаған 600 мың адамға «оңалтылды» деген бұл статус берілмепті. Өйткені, шарт бойынша, борышкер ең әуелі кредитін толық жабуы тиіс. Содан кейін 12 ай бойы өзге де проблемалы несиесі болмауы қажет.

«Оңалтылды» деген мәртебенің бар-жоғын азаматтар egov.kz порталынан, не болмаса бірінші кредиттік бюроның сайтынан білсе болады. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығы мен Қазпоштаның бөлімшелерінен де анықтай алады.

Тағы да оқыңыз: