Kyzylorda-news.kz Көп балалы емес отбасыларға жәрдемақы енгізу туралы халық тарапынан ұсыныстар айтылып келеді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов түсінік берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Министрліктің ішінде әртүрлі тәсілдерін қарап, қаржыны да есептеп көріп жатырмыз. Бірақ бұл мәселе қаржы мүмкіндігіне байланысты», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Айтуынша, қазіргі уақытта 370 мың көп балалы отбасы жәредемақы алады.

«Мысалы бізде көп балалы 370 мың жанұя бар. Соның ішінде аз қамтылған 125 мың жанұя бар. Ал енді 1,2,3 балалы аз қамтылған жанұялардың саны – 190 мың. Ал Қазақстан бойынша 1,2,3 баласы бар 2 млн 904 жанұя бар. 15 есе көп. Сондықтан ол 15 есе артық қаражатты талап етеді. Екіншіден, басқа дәулетті, жағдайы жақсы отбасыларға да осы жәрдемақыны төлеу керек пе, жоқ па? Ол да үлкен сұрақ. Сондықтан біз әлі ешқандай шешімге келген жоқпыз. Бірақ оның бәрін қарап жатырмыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар елімізде балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың 6 түрі бар екенін айтып өтті. Табысы төмен болса, 1-3 баласы бар отбасылар да атаулы әлеуметтік көмек алады.

Тағы да оқыңыз: