Спорттық-әуесқойлық балық аулау – спорттық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарға қатысу үшін, сонымен қатар, балық аулауға арналған өнімдерді жеке тұтыну мақсатында, тек балық аулауға мүмкіндік беретін балық аулау құралдарымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер) жүзеге асырылатын балық аулау түрі.
Сондай-ақ, спорттық-әуесқойлық балық аулау – бұл табиғатта адамдардың таза ауада оңаша уақыт өткізу хоббиі болып табылады. Елімізде спорттық-әуесқойлық балық аулауды халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде, сонымен қатар, жануарлар дүниесін пайдаланушымен белгіленген арнайы орындарда, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында ұйымдастыруға болады. Бүгінде елімізде спорттық-әуесқойлық балық аулау енді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады.
Балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық балық аулауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Жануарлар дүниесін өсімін молайту мен пайдалану туралы» ҚР Заңының 26-бабының 2-тармағын көрсетілгендей, 1 балықшыға 5 кг дейін балықты рұқсатсыз аулауға болады, егерде 5 кг астам балық аулау жағдайында жазбаша өтініш бойынша жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу қажет. Тіркелген балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінде балық аулау жолдама негізінде жүзеге асырылады. Жолдамаларды ақылы түрде балық аулау квотасы арқылы немесе тағайындаған табиғи ресурстарды пайдаланушылар береді. Балық аулаушы спорттық-әуесқойлық балық аулау кезінде өзімен бірге жолдама, рұқсат қағазы және жеке басты куәландыратын құжатын алып жүруі тиіс.
Шынжырхан Сүлейменов,
«Қызылорда Fish» Қызылорда облысы бойынша спорттық және әуесқой балық аулаушылар қоғамы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры