Kyzylorda-news.kz Ел аумағында 28 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасалды.

«Республиканың батыс жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыздығы байқалады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», — деп жазды синоптиктер.

Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.

Тағы да оқыңыз: