Kyzylorda-news.kz. Бүгін алғаш рет пилоттық негізде Қызылорда өңірінің Сырдария және Шиелі аудандары әкімінің сайлауы өтуде.
Түске дейінгі уақыттарда сайлаушылар белсенді дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда.
Аккредиттелген байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген азаматтары сайлаудың ашық өтуін қадағалауда.
Qyzylorda телеарнасына Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов, төраға орынбасары Болат Накипов арнайы сұхбат берді.
Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген.
Дауыс беру жергілікті уақыт таңғы сағат 07.00-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.