Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары Президент бастамасымен қолға алынған пилоттық аудан әкімі сайлауында дауыс беріп, ерекше белсенділік танытуда.
Саяси науқанда майдангерлер мен түрлі ансамбль өкілдері, бүгін шаңырақ көтерген жас жұбайлар мен өнерпаздар, спортшылар аудан үшін маңызды сәтте өз таңдауларын жасады.
Маңызды күннен полицейлер династиясы да тыс қалмады. Олар Шиелі ауданындағы №290 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Подполковник, ардагер Батырбек Қапарұлы мемлекет үшін маңызды әрбір сайлаудан қалыс қалмай, дауыс беретінін жеткізді.
Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген.
Екі ауданда барлығы 58 сайлау учаскесі құрылып, 388 комиссия мүшесі қызмет жасауда.