Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Л. Төрешова, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Бақытбекұлы мен комиссия мүшелері және аумақтық филиалдардың Атқарушы хатшыларымен бақылау комиссиясының төрағалары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде аумақтық Партиялық бақылау комиссиясы төрағаларының жұмыстарын қорытындылау және партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдау жауапкершілігі туралы мәселелер қаралды.
Отырыс барысында Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы комиссияның жылдық жұмысын қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісіп, бақылау жұмыстарын күшейту бойынша жүйелі тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдау шараларына жауапкершілікпен қарау туралы, жұмыс регламентін бұзуына жол берген партия мүшелеріне партиялық жаза қолдану жайында алдын-ала ескертулер жасады.