Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жұматұлы Жылқыбаев бейнабайланыс режимінде партияның аумақтық филиалдарында атқарылып жатқан жұмыстар есебін тыңдап, жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстарын берді.
Жалпы атап өтейік «AMANAT» партиясында партия Төрағасы, Атқарушы Хатшының төрағалығымен әр апта сайын еліміз бойынша өңірлік филиалдардағы жұмыстарды саралап отыру жолға қойылған.
Бүгін партия Хатшысы партияның Қызылорда облыстық филиалына қарасты Арал, Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарында жыл басынан атқарылған жұмыстарды саралады.
Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов, Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова, Атқарушы хатшының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, бөлім басшылары мен аумақтық филиалдардың төрағалары мен Атқарушы хатшылары қатысты.
Әрине атқарылған да, алда атқарылатын да жұмыстар жеткілікті. Партия Хатшысы әрбір мәселеге жеке назар аударып, Орталық партия аппараты тарапынан жасалаған мониторинг жұмыстары нәтижесімен тиісті ұсыныстарын берді.
Мұнан соң партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов аумақтық филиалдар басшыларымен жұмысты жетілдіру бағытында айтылған ұсыныстар бойынша жиын өткізіп, нақты тапсырмалар берді.