Фото: travelask.ru

Әлемдегі ең қымбат металл саналатын осмий-187 Қазақстанда ғана өндіріледі. Бірақ оның өндірісіне қатысты мәліметтер – мемлекеттік құпия, деп хабарлайды  nur.kz

Агенттік мәліметінше, осмий табиғатта 7 изотоп түрінде кездеседі. Осы 7 изотоптың ішінде осмий-187 тек біздің елде өндіріледі. Осмийдің 1 грамы 10 мың доллардан 200 мың долларға дейін бағаланады. Алайда Қазақстанда бұл металлдың өндірісі мемлекеттік құпия болып саналады. "Қазақстанның 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Мемлекеттік құпиялар туралы заңының 12-бабы 10-тармағына сәйкес металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды, оның ішінде осмий өндіру туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылады", - дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері "ҚазАқпарат" тілшісіне берген жауабында. 

Бір қызығы, табиғатта Осмий-187-ден тығыз зат жоқ. Сондықтан бұл элементті 9 ай бойы өндіреді. Оны ерекше дәлдікті қажет ететін өлшеуіш және медициналық аспаптарды жасауға қолданады. 

Тағы да оқыңыз: