Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.

Қызылорда облысында «STOP-трафик» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілді. 

Шара барысында жеңгетайлықпен айналысқан 2 азаматша анықталды.

Облыс орталығындағы екі саунаның 39, 50 жастағы меңгерушілері келген тұтынушыға пайдакүнемдік мақсатта жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан.

«Күдіктілер әрбір шақыру бойынша 5 мың теңге сыйақы ретінде ақшалай қаражат алып отырған. Оқиға орнынан заттай дәлелдемелер — ақша және байланыс құралдары алынды. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Тағы да оқыңыз: