Фото: egemen.kz
Kyzylorda-news.kz. Енді «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметкерлер жаңа ережемен қабылданады, - деп хабарлайды kaz.inform.kz
Өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі №74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20-1 және 44-9 тармақшаларына сәйкес енгізілген.
Президент Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы шықты.
«Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметіне қабылдау конкурсы мен мемлекеттік қызмет үміткерлеріне қойылатын біліктілік талаптарының қағидасы бекітілсін. Бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Әділет министрлігінде тіркелсін», - делінген ресми құжатта.
Бұйрықтың орындалу барысын агенттік төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары қадағалайды.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар қағидасымен сілтеме арқылы танысуға болады.