Kyzylorda-news.kz. «AMANAТ» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының жұмыс тобы облыстағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс тобы Сәулет, Саяхат,Тасбөгет, КБИ  мөлтек ауданының тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді жаңа үлгіде көрсетіп отырған халыққа арналған цифрлық кеңсе қызметкерлерімен және осы қызметті тұтынатын  тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

 Мемлекеттік көрсетілген қызметтер статистикасы бойынша жыл басынан беріХалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы облыс тұрғындарына 309 050 қызметкөрсетілді. Аталмыш кеңсе арқылы 2022 жылы 38 956 қызмет көрсетілсе, биылғы жылдың 7 айында 25 851қызмет көрсетіліп отыр.

Тағы да оқыңыз: