Kyzylorda-news.kz.  Күз, қыс мезгілдерінде көптеген балықшылар балық аулауды жөн көреді. Қызылорда облысының су айдындарындағы, атап айтқанда Арал теңізі мен дария маңында тіршілік тоқтамайды. Күз, қыс мезгілдері балық аулауды ұнататындардың сүйікті уақыты. 

Бірақ балық аулау демалудың қауіпсіз түрі емес деп ешкім ойламайды. Өйткені, кез келген су айдыны - адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін белгілі бір қауіп-қатер болуы мүмкін. Күзде судың төмен температурасы, егер қайық аударылса, балықшы суда болғасын дымқыл киім оны бірден тартып алады, ал суық су қозғалысты тежейді. Мұндай жағдайда жағаға шығу өте қиын болуы мүмкін. Сондықтан, балық аулауға дайындалған кезде, бұл мәселелерді алдын ала ойластыру қажет, яғни өзінің жеке қауіпсіздігі мен құтқару шаралары болып табылады.

Бірінші, жүзу құралын суға түсірмес бұрын, оның жай-күйін мұқият тексеріп, оның ағып кетпегеніне, ескектерінің жарамды екеніне көз жеткізу, құтқару кеудешесін әрқашан киіп жүру. Сондай-ақ, алкогольді сусынды ішпеу қажет, өйткені ол адам денесінің реакциясын баяулатады, зейінді босаңсытады және нақты қауіп сезімін басады.

Шынжырхан Сүлейменов, 
«Қызылорда Fish» Қызылорда облысы бойынша спорттық және әуесқой балық аулаушылар қоғамы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

 

Тағы да оқыңыз: