Kyzylorda-news.kz. Мәдениет және спорт министрлігі ауылда қызмет ететін архив мамандарына жалақысының 25% мөлшерінде үстемеақы төлеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бүгінгі күні аудандық мемлекеттік архив қызметкерлері ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақысының 25% мөлшерінде үстемеақы алмайды. Бұл өз кезегінде аудандық мемлекеттік архив қызметкерлері арасында әлеуметтік шиеленісті туғызады», - делілген реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.

Бұл мәселенің шешімін заңнамалық тұрғыдан реттеу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, ведомство ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер санатына архившілерді енгізу бастамасын көтеріп отыр.

Тағы да оқыңыз: