Kyzylorda-news.kz. Жаз басталғалы ауа температурасы күрт жоғарылай бастайды. Мұндайда сыртқа шығудан бөлек, желдеткіші жоқ пәтерде отыру мүмкін емес. Пәтерді салқындатудың түрлі амалы бар, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Бөлмеге күн сәулесі түспеуі үшін перде іліп қойыңыз. Күндіз де пердені ашпаған дұрыс. Егер бөлмені тым қараңғы еткіңіз келмесе, сондай-ақ, кондиционерді қосқыңыз келмесе, терезелердің үстіне күннен қорғайтын жапсырма іліп қоюға болады. Бұл пәтерді қараңғы етпей, бөлменің ысып кетуінен қорғайды.
Бөлмені желдетіп тұрған жөн. Бұл үшін терезені таңғы не түнгі уақытта ашқан дұрыс. Одан басқа, түнде терезе ашып ұйықтасаңыз, таң ата жауып қоюды ұмытпаңыз.
Бөлмедегі ауаны ылғалдандырып қойған дұыс. Салқын су немесе пәтерге арналған себетін иісшығарғышты әр жарты сағат сайын шашып қойсаңыз болады.
Күндіз компьютер, теледидарды пайдаланбауға тырысыңыз. Олар ауаны қыздырады.
Тамақ істеп жатқанда ауа сорғышты пайдаланыңыз.
Қарапайым желдеткіш алдында салқын су қойсаңыз, салқын ауа соғады.