Kyzylorda-news.kz. Теңізді өлкенің асыл аналары ашық есік күні аясында «Анаға тағзым» орталығымен танысып, киелі шаңырақта қонақ болды.

Алдымен, аралдық қолөнер шеберлері мен кәсіпкер қыз-келіншектер «Креативті индустрия» көрме алаңында өз туындыларын көпшілікке паш етті.

Сондай-ақ, "Мирас" әжелер клубында әжелер ансамблі әсем әннен шашу шашып, ұлттық тағамдарымыз құрт пен жентті дайындау барысымен бөлісті.

Нәзік жандылар «Психолог-медиатор»бөлмесінде «Әйел әлемі» атты тренингке қатысып, мамандардан кеңестер алды.

«Соworking» кабинетінде аралдық кітапханашылар мен білім саласының 
ардагер-ұстаздары бала тәрбиесінде ертегі айту мен кітап оқудың маңыздылығына тоқталып, бүлдіршіндермен өзара ой пікір алмасты.
«Бойтұмар» қыздар клубында кәсіпкер Анар Жақан смоладан сағат жасаудан шеберлік сағатын өткізді. 
Сонымен бірге, ашық есік күні қарсаңында аралдың балықтан жасалған тағамдары ұсынылып, өлкенің түрлі ұлттық дәмі тарту етілді.

Ару әйел-аналар құтты шаңырақтан мол тәжірибе алып, шадыман көңіл-күйде тарқасты.

Тағы да оқыңыз: