Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көрсетілген мемлекет тарапынан мал басын көбейтуге және оны асылдандыру мен өнімін ұлғайту бағытында атқарылатын жұмыстарға партиялық бақылау жасау шарасы бойынша мониторинг жүргізді.
Кеңес төрағасы Бақдаулет Махашов бастаған топ 2004 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан «Абай» шаруа қожалығында болды. Шаруашылықтың негізгі бағыты мал шаруашылығын дамыту және сауын сиырлар ұстап бағу. Қазіргі таңда шаруа қожалығының иелігінде 300 бас мүйізді ірі қара малы, 200 бас жылқы тіркелген.
Зерделеу жұмыстары барысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев жол картасының 22-інші бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
«Аймақта соңғы жылдарғы тұрақты мемлекеттік қолдаудың арқасында мал шаруашылығының оң даму тенденциясы қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда. Нәтижесінде облыс бойынша 2023 жылдың 8 айында
423,4 мың бас МІҚ, 877,9 мың бас қой мен ешкі, 223,2 мың бас жылқы, 63,7 мың бас түйе және 124,7 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-2,0%-ға, қой мен ешкі-2,1%-ға, жылқы 7,7%-ға, түйе 3,4%-ға артып, құс 0,1%-ға артты.»,-деді ол.
Шаруашылықтың жұмыс барысымен танысқан кеңес мүшелері қожалық басшысының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, арнайы хаттамаға енгізілетінін айтты.