Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда өңіріндегі 11 аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде.
Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған және Қызылорда қаласындағы аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауына дауыс беруге ниетті 81 мыңнан аса сайлаушы тіркелген.
Таңсәріден бері дауыс беруге асыққан азаматтардың ішінде отбасымен бірге келген сайлаушылардың үлесі басым болды.
Олардың қатарында аралдық зейнеткер Шегебай Жанабаев та бар. Ол №42 сайлау учаскесіне отбасын ерте келіп, шөбересімен бірге өз таңдауын жасады.
 

 Әрбір сайлау біздің отбасы үшін маңызды. Балаларымды, немерелерімде сайлауға ерте баратын дәстүрім бар. Себебі балалар жастайын елдік істе әрбір дауыстың маңызды екенін сезінуі керек. Бүгін міне, ауданымызға жанашыр, туған жерін дамытуға ниетті азамат үшін дауыс бердім,-дейді ол.

Дауыс беру күні аудандар және қалада 51 сайлау учаскесі құрылды. Учаскелер кешкі 20.00-ге дейін сайлаушыларға қызмет көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: