Kyzylorda-news.kz. 2023 жылы ел тұрғындары 120 күн демалмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Жылдық күнтізбе бойынша 365 күннің 245-і жұмыс күні болып саналып отыр. Бұл 5 күндік жұмыс аптасына байланысты есептелген. Белгілі болғандай, ел тұрғындары қаңтар мен наурызда ең көп демалады ( 12 күн). Ал ақпан мен қарашада 8 күн. 

Жыл ішіндегі демалыс күндерін былай бөліп көрсетуге болады: 

• Қаңтарда Жаңа жылға 3 күн - 1, 2 және 3 қаңтар; 

• наурызда 3 күн - 21, 22 және 23 наурыз; 

• сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн - 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн - 6, 7, 8 және 9 мамыр; 

• шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады - 6, 7, 8 және 9 шілде; желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн - 16, 17 және 18 желтоқсан. Себебі 16 сенбіге сәйкес келеді. 

• 2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе де, демалыс келесі күнге ауыспайды. 

• Құрбан айт 28 маусымда басталады. 
 

Тағы да оқыңыз: