Фото: massaget.kz

Kyzylorda-news.kz.   2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады. Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі сағаттың ауысуы адам ағзасына қалай әсер ететінін мамандардан сұрап білді. 

Сомнолог Әділ Бейсенбаев уақыт белдеуінің кері жылжуы адам ұйқысының бұзылуына әсерін тигізетінін айтады.

"Бірақ Алматы мен Астана тұрғындары үшін аздаған қиындықтар туғызады. Себебі 1 сағат артқа жылжығандықтан, әдеттегі әрекеттерінен бас тартуына тура келеді. Күнделікті өмірді барынша тиімді жалғастыру үшін сапалы ұйқы қажет. Сапалы ұйқы барысында ағзаны келесі күнге дайындау, оны токсиндерден тазарту, эндокриндік жүйені реттеу, иммундық жүйені нығайту жұмыстары реттеледі", – деді Әділ Бейсенбаев.

"Мелатонин адамды ұйқыға дайындайды. Біздің ағзамыз әрі кетсе, екі-үш күн ішінде жаңа режимге бейімделіп алады. Егер біз сағатты 1 сағат кері жылжытсақ, сәйкесінше, біз 1 сағат бұрын оянып, 1 сағат бұрын ерте жатамыз", – деді сомнолог дәрігер.


Ал онколог дәрігер Алтынай Ерікқызы адам ағзасының әрбір мүшесінің өзіндік ырғағы бар, оның жұмысы тәуліктің белгілі бір бөлігіне сәйкес жұмыс істейді дейді.

“Оны ағзаның "биологиялық ырғағы" деп атайды. Ал "биологиялық ырғақ" бұзылса, адам ағзасында біршама өзгерістер болуы мүмкін. Мәселен, сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін бүйрек жұмысының белсенділігі артатын кез”, – дейді ол. 

Тағы да оқыңыз: