Kyzylorda-news.kz. «Казгидромет» РМК-ның мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде әліде Солтүстік антициклонның жотасы ықпалын тигізеді, ауа-райы көбінесе жауын-шашынсыз күтіледі. Еліміздің солтүстігі, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығысы және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, шығысында бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Манғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.