Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен 2023 жылғы 
25 қыркүйектен бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы жарияланды.

Конкурстың ережесіне сәйкес өтінімдер ағымдағы жылғы 30 қазанға дейін konkurs1424@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады.

Конкурстың қорытындысы үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында өткізілетін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шарада анықталады.

Конкурстың ережесі мен басқа да сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөмірі арқылы біле аласыздар.

Жанар Қозбағарова +77079297552

Тағы да оқыңыз: