Фото: ru.freepik.com
Kyzylorda-news.kz. Кез келген адам психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылыққа тап болуы мүмкін. Десе де психолог Алина Малинина қандай адамдар жиі абьюзерге жолығатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Passion"-ге сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, кей адамдар абьюзердің ықпалына ерекше бейім. Абьюзерлердің құрбанына жиі өзін-өзі бағалауы төмен адамдар айналады. Олар өз сезімдерін, денсаулығын және өмірін құнсыздандырады.
Сондай-ақ абьюзерлік қарым-қатынасты отбасыда өскен және оны көріп жрген адамдар құрбанға айналуы мүмкін. Себебі олар үшін мұндай қарым-қатынас қалыпты және оның жалғыз мүмкін түрі ретінде қабылдануы мүмкін. Оған қоса, жиі үрей және мазасыздық сезетіндер зорлық-зомбылыққа тап болуы мүмкін
"Үрей және мазасыздық сезімі де агрессордың құрбанға шабуыл жасауына ықпал етеді. Құрбан сондай-ақ қорқыныш себебінен өз жағдайымен бөліспейді және мұндай қарым-қатынасты тоқтату үшін ешқандай әрекет жасамайды. Егер адам өзін бала кезінен кінәлі сезінетін болса, ол қазір тап болған жағдайдың дұрыс еместігін түсінбеуі және өзіне деген әрекетті қалыпты санауы мүмкін", - дейді психолог.