Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтеді – Kyzylorda News
Басты бет

Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтеді

23.02.2022, 11:20

10106 0

Kyzylorda-news.kz. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 1 наурыз сағат 19.00-де Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ» атты салтанатты концерт өтеді.

Концертте елімізге танымал Роза Рымбаева, Ренат Гайсин, Тамара Асар, Жұбаныш Жексен, Айгүл Қосанова және тағы да басқа шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Өтетін орны «Qazaqstan» орталық концерт залы.

Билеттер Тикетон сайтында онлайн сатылады.