Kyzylorda-news.kz. 2022 жылдың 17 маусым күні 23:00-ден бастап 18 маусым күнгі сағат 06:00-ге дейін Қызылорда қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Бас Тоған» су алу кешенінде орналасқан д-600 мм ашып-жабу ысырмасында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты қала көлемінде ауыз су беру түнгі сағат 23:00-ден бастап таңғы сағат 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында ауыз су қысымы төмендеп, уақытша тоқтауы да ықтимал.

Қызылорда қаласы тұрғындарын қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Тағы да оқыңыз: