Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес жол картасы – 2025» Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын «Аға сеньорлар» компоненті бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және аудандық филиалдардағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында өтініштерді қабылдау басталғандығын хабарлайды.

«Аға сеньорлар» инструменті ірі халықаралық компанияларда жұмыс істеген шетелдік және отандық сарапшылардың тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, салалық ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпкерлердің құзыретін арттыруға, жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологиялары мен персоналды оқытуға қатысты сұрақтар бойынша тікелей кәсіпорында қатысушыларға кеңес беру мен тәжірибе алмасуға бағытталған. 

Компонентті жүзеге асыру шарттары:

– «Бизнестің жол картасы – 2025» Бағдарламасының аясында Экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің субъектілері қатысушы бола алады, жылдық айналымы 5000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес;

– Компонент бойынша шетелдік сарапшыларды тарту шығындары, сонымен қатар сарапшылардың жол шығындары мен қызметіне қатысты шығындар республикалық бюджеттен жүзеге асырылады;

– Сарапшының Қазақстанда болуымен байланысты шығындар: тұру, тамақтану, ел ішінде тасымалдау, тәулікақы шығындары, сондай-ақ аудармашы қызметтері кәсіпкерлермен дербес төленеді.

Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлердіңҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына жүгінуіне болады (байланысатын тұлға: ҚО КП Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы– Құрмантаева Г.Ж. тел. /87242/40-08-74).

Сall-сentre: 1432

Тағы да оқыңыз: