Kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10.00-17.00 аралығында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен «Индустриялық-инновациялық даму – аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы» тақырыбындаинтернет-конференция өтеді.

Онлайн режимде өтетін конференция барысында облыс әкіміне тақырып аясында қоятын сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды https://dialog.egov.kz/ сілтемесі арқылы жолдауға болатындығын хабарлаймыз. 

Сонымен қатар, сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдау үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екендігін ескертеміз.

Тағы да оқыңыз: