14.12.2022 жылы Қызылорда облысының  Теренөзек-Қызылорда тас жолының  60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері  жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Сонын салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Polisia.kz

IMG_20221214_232632_678.jpg

Тағы да оқыңыз: