Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
2025 жылғы 3 қазан күні сағат 16:00-де Қызылорда қаласындағы «Қаламгерлер аллеясында» Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы суреттер көрмесі өтеді.
Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықтың тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларының ерен еңбегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған көрмеде ел амандығының аманатын арқалаған қызметкерлердің қиын да күрделі тынымсыз еңбегі, бейбіт күннің батырларының ерлігі, жұмыс барысынан түсірілген ерекше суреттер жұртшылық назарына ұсынылады.