Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай онлайн байқау өтеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай онлайн байқау өтеді

29.05.2020, 18:20

1887 0

Kyzylorda-news.kz. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Ұлы философтың шығармалары бойынша эссе жазу онлайн-байқауы өтеді.

Байқау мақсаты – Ұлы философтың шығармалары бойынша эссе жазу арқылы Әл-Фарабидің еңбектерін, пайдалы кеңестерін кеңінен дәріптеу. Шығармаларының ішінде жастарға үлгі немесе өнеге болатын тұстарын кеңінен түсіндіру және шығармаларын оқуға шақыру болып табылады.

байқауға әлеуметтік желіге тіркелген жастар, түрлі саланың мамандары, аймақ тұрғындары қатыса алады.

Қатысушылар І, ІІ, ІІІ орындармен, арнайы диплом, алғыс хаттармен марапатталады.
Қатысушы міндетті түрде материалды әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялауы қажет және өзінің достарын белгілей отырып Ұлы философтың шығармаларын оқуға шақырады.

Қатысушы «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде @qogam.kzo, @Ішкі саясат басқармасы, @Адил Аликулов парақшаларын белгілеу қажет.

Байқау ағымдағы жылдың 20 мамыр – 15 маусым аралығында өтеді. Сайысқа 15 жастан асқандар қатыса алады.

Байқауды ұйымдастырушылар Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы.

Толық ақпарат үшін 8-747-032-16-42 нөміріне хабарласу қажет.

0

Пікір қалдыру