Kyzylorda-news.kz. Биыл мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін бюджеттен 6 млрд. теңге қаржы қарастырылған.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 2,6 млрд. теңге, «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 млрд. теңге, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына 300 млн. теңге бөлініп отыр.

Аталған бағдарламалар шеңберінде 1600-ден аса жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа қайтарымсыз грант, 900-ге жуық шағын бизнеске микрокредит және 200-ден астам тұрақты бизнеске несие беру жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: