Серік Мырзабаев: Аграрлы саланың жетістігі көп – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Серік Мырзабаев: Аграрлы саланың жетістігі көп

18.02.2021, 15:00

3047 0

Kyzylorda-news.kz. Соңғы 5 жылда аграрлық сектордың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4 процентке өсті. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.

Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар екендігін нақты сандармен көрсетті. Бұл өз кезегінде бұл инвестициялардың жоғары өсу қарқынына, техникалық қайта жарақтандыруға және жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты.

Есеп беру кездесуінде аймақтағы атқарылған жұмыстардың көкжиегі көрінді. Алда ауқымды жобалар да жетерлік, бұл жөнінде өңір басшысы нақты межені көрсетті. Біздің сала ауылшаруашылығы болғаннан соң, осы бағыттағы толымды істерге көңіліміз толды. Қолдау да аз емес.

Шыны керек, ауылшаруашылығы саласының даму көрсеткіші көңіл қуантарлық. Оның ішінде Жаңақорған ауданы мал шаруашылығынан көш ілгері келеміз. Экспорт көлемі де ұлғайды.

Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты шамамен 9 пайызға өскен. Осы экспорттың 97 пайызы қайта өңделген өнімді құрайды. 2020 жылы алғаш рет шет елге қамыс экспортталды. Оның алғашқы 685 тоннасы Германияға жіберілді. Сондай-ақ, Сыр елінен әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталды.

Иә, атқарылған жұмыстың межесі осындай межемен көрінді, биыл бұдан да биіктерді бағындыруға жұмыс жасау бағыты бар.

Серік МЫРЗАБАЕВ,
«Бекарыс Агрофуд» ЖШС төрағасы

0

Пікір қалдыру