Қызылордада өткен жылы баспананы сату-сатып алу келісімдері көп жасалған – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада өткен жылы баспананы сату-сатып алу келісімдері көп жасалған

08.01.2021, 15:20

1050 0

Kyzylorda-news.kz. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 370 884 мәміле жасалды. Бұл, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, былтырғы желтоқсан айында баспананы сату-сатып алуға қатысты 32 027 мәміле жасалған. Бұл, оның алдыңғы аймен салыстырғанда 6,9 пайызға көп.

2020 жылы баспананы алып-сатумен байланысты ең аз келісім Шығыс Қазақстан облысында жасалған. 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 16,6 пайызға азайған. Одан кейінгі орындарда – Павлодар (-10,9 пайыз), Солтүстік Қазақстан (-10,5), Ақтөбе (-10,3), Жамбыл (-10,0) облыстары тұр.

2020 жылы үйді сату-сатып алуға қатысты ең көп мәміле Шымкент қаласында жасалған. 2019 жылмен салыстырғанда 10,9 пайызға көп. Одан кейінгі орындарда – Қызылорда (+7,3 пайыз), Түркістан (+7,2 пайыз), Атырау (+7,0 пайыз), Маңғыстау (+6,3 пайыз) орналасқан.

Алматы қаласында – 2,9 пайызға, Нұр-Сұлтан қаласында 9,1 пайызға үйлер аз сатылған және сатып алынған.

0

Пікір қалдыру