Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов айтты.

«Әлеуметтік маңызды мәселелерімізді шешуде бізге мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту үлкен демеу болды. Мәселен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқасында өткен жылдары «Балапан» бағдарламасын мерзімінен бұрын орындай алдық», – дейді облыс әкімі.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тағы басқа салаларда 142 жоба бар. Олардың 42-сі бойынша инвесторлармен жобаларды жүзеге асыру туралы келісім шартқа қол қойылған.

Бүгінде Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік принципін пайдалана отырып, жеке инвесторларды ынталандыру, тарту жолға қойылған. Осы арқылы аймақтағы маңызды мәселелер шешімін табуда. Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік принципін пайдалану бюджет қаражатын үнемдеп, оларды басқа да әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге бағытталады.

Тағы да оқыңыз: